Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодар облысындағы көмір кенішінде машинист қаза тапты

23 Қазан 2025, 22:17
364
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Қайғылы оқиға "Гамма Сарыкөл" көмір кенішінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жазатайым оқиға туралы pavlodarnews.kz жазды.

Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, "Гамма Сарыкөл" ЖШС-нің тұйық жолына апаратын кірме теміржолда көмір тиелген жартылай вагон рельстен шығып кеткен.

Қалпына келтіру жұмыстары кезінде кранның тросы үзіліп, одан ұшып кеткен ілмек 1958 жылы туған тепловоз машинисін соғып, оның оқиға орнында қаза болуына себеп болған, - деп хабарлады департамент.

Оқиға туралы кәсіпорын ауызша хабарлама берген. Қазіргі уақытта еңбек инспекциясы тарапынан арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында жазатайым оқиғаның нақты себептері мен жағдайлары анықталады.

Өзгелердің жаңалығы