Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

20 Маусым 2025, 10:28
1171
Бөлісу:
 Павлодар облысы әкімдігі
PHOTO
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысындағы дауылды жел болып, салдарынан 16 адам зардап шекті және 1 әйел қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Дауылды жел инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, электр қуатының өшуіне әкелді және халық арасында жарақат алу жағдайлары тіркелді.

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үш бала. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғыны қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

Облыс орталығында 47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келді. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында - 7 нысан зардап шекті, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

Облыстың қалалары мен аудандарының электрмен жабдықтау желілерінде ақаулар байқалады. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр, - деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігі.

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

Қазіргі уақытта орын алған апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Байланыс және электрмен жабдықтау желілерінің 16 бағанасы қалпына келтірілуде. 300-ден астам адам және 103 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты
Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты

Барлық шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өзгелердің жаңалығы