Павлодар облысында жол-көлік апаты азайған

3 Қазан 2020, 02:25
1455
Бөлісу:
Павлодар облысында жол-көлік апаты азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қабылданған ұйымдастырушылық практикалық шаралар соңғы жылдары апаттылық көрсеткіштерін қысқартуға қол жеткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Равиль Хасанов онлайн түрде өткізілген баспасөз мәслихатында облыс жолдарындағы апаттылық жағдайын талдау жол көлік жарақатының негізгі көрсеткіштерінің төмендегенін көрсеткенін алға тартты.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыс жолдарында тәртіпті сақтау полиция департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеттері болып табылады. Мәселен, қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша жол көлік апаттарының саны 16 пайызға, қаза тапқандардың саны 9 пайызға, жарақат алғандардың саны 18 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, республикалық автожолдарда апаттылық 13 пайызға азайды. Оған қоса, авариялық учаскелер бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол көлік оқиғасын 21 пайызға төмендетті. Оның ішінде қаза тапқандар жеті пайыз, зардап шеккендер 25 пайызға азайды, - дейді Равиль Хасанов.
Аға инспектор жоғары апаттылық себептерінің арасында адам факторы үстем жағдайға ие екенін айтады. Яғни, жол қозғалысы қатысушыларының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысының төмен мәдениеті оқыс оқиғаларға алып келеді.

Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша жол көлік оқиғаларының 92 пайызын көлік қозғалысы жүргізушісінің кінәсінен жол берілгені анықталды.
Өзгелердің жаңалығы