Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

30 Сәуір 2022, 21:47
1372
Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік апаты Павлодар ауданы Шақат ауылының жанындағы «Шақат – Восточный-Шалдай» автожолында болды, деп хабаралайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

30.04.2022 жылы сағат 09:05-те Павлодар ауданы Шақат ауылының жанындағы «Шақат – Восточный-Шалдай» автожолының 2 шақырымында «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі «ГАЗ 53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 2110» автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 1987 және 1978 жылы туған 2 зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болды, – делінген ресми ақпаратта.

Одан бөлек, 1969 жылы туған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалып, тексеру амалдары жүріп жатыр, – дейді ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы