Павлодар облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

5 Қараша 2022, 05:32
852
Бөлісу:
Павлодар облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

Белгілі болғандай, оның автокөлік жүргізуге рұқсат құжаты да болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ  Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Instagram әлеуметтік желісінде   жарияланған бейне бойынша полицейлер тексеру жүргізді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген. Жол ережесін бұзған жүргізуші анықталып ұсталды. "Ваз 21093" автокөлігінің жүргізушісі Астана көшесімен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Осылайша ол жол ережесінің 14.1-тармағын бұзды, - деді Ақсу қаласы ПБ бастығының орынбасары Айдын Жүнісов.

Сонымен қатар, жүргізушінің көлік құралдарын басқаруға құқығы болмаған. Осы факті бойынша 22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі және 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Өзгелердің жаңалығы