Павлодар облысында жаяу жүргінші қаза тапты

8 Қараша 2023, 11:50
599
Бөлісу:
Павлодар облысында жаяу жүргінші қаза тапты
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында тас жолдағы апат салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 қараша сағат 19:00 кезінде Омбы-Майқапшағай автожолының 340 шақырымында Скания автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 

Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Өзгелердің жаңалығы