Павлодар облысында жастарға жеңілдетілген несие ұсынылды

11 Ақпан 2023, 12:53
1392
Бөлісу:
Павлодар облысында жастарға жеңілдетілген несие ұсынылды
Фото: smi24.kz

Ертіс өңірінің жастары үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бизнес-жобаларды қаржыландыруға бір жылға 785 миллион теңге бөлінген. Бұл тұрғыда пайыздық мөлшерлеме 2,5%-ды құрамақ.

Павлодар облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Арман Заитовтың айтуынша, жеңілдетілген несиелер 21-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге және өз ісін дамытқысы келетін азаматтарға ұсынылады.

Биыл жаңа бағдарлама іске қосылады. Несиелендіру конкурстық негізде өтеді. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңге. Шағын кредитті алу үшін кепілдік қажет. Белгілі бір талаптар мен ережелер бар. Мәселен, мал шаруашылығын дамыту мақсатындағы несиені өтеу мерзімі жеті жылға дейін, ал қалған салалар үшін бес жылға дейінгі мерзім. Қазіргі уақытта Үкіметпен несиелік келісім жасау үстіндеміз. Кейін құжатқа қол қойылады. Жалпы, бүгінгі таңда несиелік жобаларды мақұлдайтын облыстық комиссияның алдын ала тізімі жасалды, - дейді Арман Заитов.

Бағдарламаны іске қосу бойынша дайындық шаралары ақпан айында аяқталады. 

Шағын несиелендіру мал шаруашылығы, сауда және өзге салаларды дамытуға қатысты болмақ. Комиссия бизнес-жобаларды негізгі бес талап бойынша бағалайды. Нақтырақ айтқанда, бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, қаржылық өміршеңдігі, саудалау нарығының дайын болуы, кәсіпкерлік деңгейі, сонымен қатар, жұмыс орындарын құр. Жобалардың жүзеге ассырылуы, бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын салалық мекеме мамандары бақылайды, - дейді бөлім басшысы.

Жоба жүзеге аспай қалған жағдайда тиісті шаралар қолға алынады. 

Өзгелердің жаңалығы