Павлодар облысында «Жас маман» жобасы аясында колледждердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда

14 Сәуір 2022, 19:11
1950
Бөлісу:
Павлодар облысында «Жас маман» жобасы аясында колледждердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Жас маман» жобасы шеңберінде бес колледждің материалдық-техникалық базасы нығайды. Мақсат - кәсіби жұмысшы мамандықтарын даярлау. 

Өткен жылы жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1 млрд 447 млн теңге бөлінген. «Жас маман» жобасы бойынша Ақсу жоғары көпсалалық колледжінде «Электромонтаж» бағыты бойынша құрал-жабдықтар сатып алынған. 

Павлодар облысында «Жас маман» жобасы аясында колледждердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда

Колледж базасында жаттығу алаңы құрылды. Бұл жабдықтар студенттер арасында кәсіби дайындық бойынша шеберлік сағаттар, кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, біз «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша қалалық байқау ұйымдастырдық. Жас мамандар мен студенттер шеберлік байқасты. Олар «Өнеркәсіптік және сазаматтақ салалардағы монтаж, коммутация және бағдарламалау» модулін орындау бойынша білімдерін көрсетті. Қатысушылар құрылғының электр және монтажды схемаларын пайдаланып, электр құрғысының күштік схемасын монтаждады.  Осындай байқаулардың мақсаты - жоғары білікті кадрлардың әлеуетін арттыру, жас мамандарың кәсіби дағдыларын нығайту. Өткне жылы колледжден түлеп ұшқан 200-ден астам түлектің барлығы екі қолға бір күрек тапты, - дейді колледж жетекшісі Алма Айтуарова. 

Жастардың шеберлігіне облыстағы ірі өндіріс ошақтарының мамандары баға берді. Бәсеке нәтижесінде Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің студенті Герман Гресс қатарластарын жеңіп шықты. Жеңімпаз аймақтық чемпионатқа қатысады. Оған облыстың 13 колледж студенті бақ сынамақ. 

Айта кетейік, өткен жылы жобаға бес бірдей колледж  қатысты. Сала мамандарының айтуынша, «Жас маман» жобасының қорытындысы бойынша екі жыл ішінде 1000-нан астам педагог біліктіліктерін арттырады. 

 

Өзгелердің жаңалығы