Павлодар облысында тегін дәрі-дәрмекке 4,7 млрд теңге бөлінбек

9 Қаңтар 2019, 18:08
1287
Бөлісу:
Павлодар облысында тегін дәрі-дәрмекке 4,7 млрд теңге бөлінбек

Астана, baq.kz. Өңірдегі халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 4,7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлайды. 

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев өткен жылы тұрғындардың қажеттілігін өтеу үшін қазына қаржысынан 4 млрд бөлінгенін атап өтіп, биыл да қомақты қаражат тегін дәрі-дәрмекті сатып алуға жұмсалатынын жеткізді.

«2019 жылға 4,7 млрд теңге республикалық бюджеттен, сирек кездесетін аурурларға 288 млн теңге қосымша жергілікті бюджеттен бөлу жоспарланып отыр», - деді басшы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, 1 қаңтардан бастап тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арнайы тізімге сәйкес жүргізіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы