Павлодар облысында "Табиғат аясында кітап оқу" семинары өтті

17 Маусым 2024, 21:15
498
Бөлісу:
Павлодар облысында "Табиғат аясында кітап оқу" семинары өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Табиғат аясында кітап оқу" республикалық семинары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семинарға 200-ден астам әдіскер, мектеп кітапханашылары, ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкерлері, сондай-ақ ақын-жазушылар мен облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты. 

Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қарағанды облысынан келген әдіскерлер мен мектеп кітапханашылары өздерінің жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісіп, қызықты квест-ойындар өткізді. Танымал туындылар, әңгімелер, ертегілер бойынша берілген тапсырмалар, буктрейлер әдісі әсіресе қызықты болды.

Бүгінде әрбір адамның басты міндеті – сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Біз кітап оқу дағдысын балаларымызға сіңіруіміз керек. Мұны балабақшадан бастау керек, - дейді Республикалық ғылыми-әдістемелік кітапхананың бас әдіскері Амангүл Ешімова.

Ал Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарының әдіскерлері "Аты аңызға айналған Жасыбай көлінің жағасында кітап оқу" секциясында өз жұмыс тәсілдерін ортаға салды. 

"Ақбет тауының бөктеріндегі Торайғыр көлінің жағасында кітап оқу"секциясында БҚО, ШҚО, Жетісу, Ұлытау, Қызылорда, Павлодар облыстарынан келген әдіскерлер мен кітапханашылар кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану әдістерін көрсетті. Семинарды қорытындылау кезінде әр өңірден келген кітапханашылар дипломдармен марапатталды, ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы