Павлодар облысында төбелес болып, үш адам ауруханаға жатқызылды

6 Қыркүйек 2020, 09:26
1762
Бөлісу:
Павлодар облысында төбелес болып, үш адам ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша,  сағат 01.50-де Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының автобекет маңы алаңында жанжал шығып, 3 ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Полиция жанжалға қатысушыларды ұстады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша,  сағат 01.50-де Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының автобекет маңы алаңында жанжал шығып, 3 ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Жанжалдың барлық алты қатысушысы анықталды. Олар 20-29 жас аралығындағы жас жігіттер болып шықты. Үшеуі - Павлодар қаласының, үшеуі – Ақтоғай ауданының тұрғындары. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді департаментте.

Қатысушылардың біріне қатысты бұлтартпау шарасы - ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, екіншісі Ақтоғай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы фактіні жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар тергеу барысында анықталатын болады.
Өзгелердің жаңалығы