Павлодар облысында сүт фермасы салынып жатыр

22 Тамыз 2022, 17:44
1013
Бөлісу:
Павлодар облысында сүт  фермасы салынып жатыр
Фото: автордан

Мемлекеттік қолдаудың көмегімен Павлодар қаласының іргесіндегі 1700 суармалы учаскеде ірі шаруа қожалығы бой көтерді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы  BAQ.KZ тілшісі. 

Алдағы уақытта жылына 10 мың тонна сүт өндіретін тауарлы ферма ашылмақ.

Кәсіпорын басшысы Қуаныш Темірғалиннің айтуынша, компания өткен жылдан бері үш жобаны жүзеге асыруды қолға алған.

Бірінші жоба – суармалы өсімдік шаруашылығын дамыту. Екіншісі – 10 мың картопты сақтауға арналған қойма құрылысы. Үшіншісі – 1200 сиырға шақталған сүт-тауарлы ферманың құрылысы. Мемлекет 7,6 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие түрінде қолдау көрсетті. Нәтижесінде біздің кәсіпорын отандық нарыққа жыл сайын 10 мың тонна сүт пен 10 мың тонна картоп тасымалдауды көздеп отыр. Сүт-тауарлы ферма құрылысы үстіміздегі жылдың қараша айында аяқталады. Сонымен қатар сүтті мал сатып алу бойынша еуропалық компаниямен келісімге келдік, - дейді Қуаныш Темірғалин. 

Қазіргі уақытта шаруа қожалығының алқаптарынта картоп, астық өнімдері мен мал азығы өсіріліп жатыр. Ірі жобалардың арқасында 115 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Былтыр шаруа қожалығы 10 мың тоннаға жуық картоп жинаған. Көкөністі ұзақ сақтау мақсатында үш ай ішінде қойма салынған. Заманауи технологиялар картопты мамыр айының соңына дейін сақтауға мүмкіндік береді. 

Павлодар облысында сүт  фермасы салынып жатыр

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың жеті айлық қорытындысы бойынша АӨК-ге бөлінген қаражат едәуір артқан. Соңғы екі жыл ішінде суырмалы егін шаруашылығы үшін 11 мың гектарлық алқап енгізілген. Сонымен қатар 2023 жылға дейін тағы сегіз сүт-тауарлы ферма іске қосылады деп жоспарланып отыр. 

Ал халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамту мақсатында фермерлік нарық салу жоспарланған. Жоба аясында шаруаларға сауда орындары мен құрал-жабдық ұсынылады. Орындарды жалға алуға жеңілдіктер қарастырылмақ.

Нәтижесінде көше және жабық нарықта 200 сауда орны ашылады. Сонымен қатар ветеринарлық зертхана мен автоматты таразылар қарастырылған. Бұл халықтың экологиялық таза және сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қолжетімділігін арттырады. 

Өзгелердің жаңалығы