Павлодар облысында су қоймасы салынуы мүмкін

6 Маусым 2023, 12:54
773
Бөлісу:
Павлодар облысында су қоймасы салынуы мүмкін

Ертіс өңірінің шенеуніктер облыс аумағында жеке су қоймасын салу мәселесімен айналысады. Стратегиялық нысанды салу мүмкіндігі туралы экологиялық кеңес барысында талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, жаңа су қоймасын салмас бұрын тыңғылықты зерттеп, тіршілік нәрін сақтауға мүмкіндік берілетін орын анықталуы тиіс.

Ол үшін жер ресурастары да қажет. Су сақтау жұмыстары табиғи жағдайда болуы тиіс. Содан кейін ғана бұл ұсынысты ел Үкіметіне жолдауымыз қажет. Бұл – менің бастамам. Облыстың толыққанды дамуы үшін су қоймасы болуы керек деп ойлаймын. Мәселен, Ертістің бойын жайлаған Аққулы ауданынан Ертіс, Железин аудандарына дейінгі аумақ 720 шақырымға созылады. Бұл ара қашықтықта гидрогеолог, гидротехника мамандарымен бірге табиғи жағдайда су қоймасы болатын аумақты анықтауымыз керек. Бұл учаске бос болуы шарт. Кейін техникалық-экономикалық негіздеме жасау жұмыстары басталады. Бұл іске үш жыл уақыт кетуі мүмкін. Жұмысты кезең-кезеңімен бастау керек. Су қоймасының нақты орнын мамандар анықтайды, - дейді облыс әкімі Асайын Байханов.

Мамандардың айтуынша, нысан құрылысы үшін қажет қаражатты бөлудің бірқатар мүмкіндігі бар. Әзірге жоба құны белгіленген жоқ. Стратегиялық маңызы бар объект әлем бойынша болжанып жатқан су тапшылығы проблемасының алдын алу үшін қажет.

Өзгелердің жаңалығы