Павлодар облысында шаруалар құрғақ жерге құлпынай екті

11 Шілде 2022, 14:26
1563
Бөлісу:
Павлодар облысында шаруалар құрғақ жерге құлпынай екті
Фото: Хабар 24

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрқожа Омаровтың жасы 25-те. Жуырда шаңырақ көтерген ол  ата-анасымен бірге тың жерге  қызанақ, қияр егіпті.  Ауылда көкөніс өсіретіндер қатары көп, сондықтан құлпынайға ауыстық дейді.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлайды. 

Таңсық жидек тез арада сатылып кетеді екен.    

Маралды ауылы тасжолдың бойында тұр. Бір кездері халық саны азайып, ауылда қираған үй көбейген еді.  Бос қалған жерлерді  қурай басып жататын. Облыс орталығынан небәрі 60 шақырымда жатқан елдімекен  кейінгі жылдары  ішкі көші-қон бағдарламасымен келгендерді қабылдай  бастады.  Олар жаңа жерге  тез бейімделді. Еңбектің де   кілтін  тапты.  

 Бұл жер бұрынғы бұзылған үй, қора-қопсының орны екен. Осыдан үш жыл бұрын жерді сатып алған Омаровтар отбасы құлпынай егіп табысқа кенеліп отыр. Олар бір маусымда жарты тоннаға дейін өнім аламыз дейді. Құлпынайдың бір жазда екі мәрте жеміс беретін түрін егіпті,- дейді тілші Қарлығаш Қасиетова.

Бұл отбасылық жағдай болғаннан кейін көмектесемін, маусым айында піседі. Күніне 10-12 шелектей  аламыз, оны сатып отырамыз,-деді  Аида Қосымбекова, Маралды ауылының тұрғыны.

Табысы жақсы енді, жарты тоннадан көп алдық осы  биылдың өзінде. Жарты миллиондай ақша енді. Әр литрін мың теңгеден сатамыз. Осы Павлодар қаласына барып  енді қазір нақты бір жерден алатын сұраныс жоқ, магазиндер, ауыл базары сенбі күндері солай барып сатып отырамыз,- дейді Нұрқожа Омаров, Маралды ауылының тұрғыны.

 Бұл табыс оңайлықпен келген жоқ.  Артында үлкен еңбек    жатыр.    

 Күнара 50 литр, 60 литр енді жұмысы оңай емес, енді былай маңдай термен болып жатқан нәрсе, өзінен өзі келіп жатқан жоқ қой. Өзіміз қолымыздан келгенше істеп жатырмыз,-дейді   Нұрқожа Омаров, Маралды ауылының тұрғыны. 

 Маралды ауылының  тұрғындары  әдетте мал шаруашылығымен айналысады. Еңбекқорлығымен ерекшеленген Омаровтар әулеті көпке үлгі болып отыр.

 Тамшылау әдісі бойынша біздің жақта болмаған осы кісілер өздері алып келіп,  оңтүстік жақтан қазір көршілерін де көрсетіп, үйретіп жергілікті тұрғындар да осы кісілерден қарап ары қарай картоптарын егіп, клубникаларын егіп жатыр. Қазір мына жолдың бойы да арамшөп басып сүйкімсіз болып тұратын. Қазір жолдың бәрі жап – жасыл клубника, картоп егілген, деді   Ақылбек Сұлтанов, Жылыбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылдық округіне соңғы бес жылда Түркістан облысынан 27 шаңырақ  қоныс аударған.  Бәрі дерлік жермен жұмыс істейді. Осының арқасында көкөніс пен     жеміс-жидектен тапшылық жоқ. Ауылда тамшылатып суару әдісі  кеңінен қолданысқа енген.

Өзгелердің жаңалығы