Павлодар облысы, Қанаш Қамзин ауылдық округі, Көктас ауылында Белая өзені арқылы өтетін понтонды көпір суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов болып, аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Әкім жұмыс сапары кезінде түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірін тексердім. Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарлануда, - деді Нұрлан Дүйсембинов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, баламалы жолдар да қарастырылады, бұл техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға паромдық өткелдерін ұйымдастыру.
Сонымен қатар, жаңа понтон көпірін салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, - деді Ақсу қаласының әкімі.