Павлодар облысында өндірілетін ет экспорты 2,5 есеге артқан

29 Қараша 2021, 23:00
994
Бөлісу:
Павлодар облысында өндірілетін ет экспорты 2,5 есеге артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылмен салыстырғанда шетел нарығына шығарылатын ет өнімдерінің көлемі 1,4 мың тоннаға немесе 143 пайызға өскен.

Бұл туралы ақпаратты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев жеткізді.

Жалпы биыл мал шаруашылығы өнімінің көлемі артқан. Мысалы, ет өндіру 4,5, сүт - 3,5, жұмыртқа 2 пайызға өскен. 10 айда 370,3 мың тонна сүт, 78,5 мың тонна ет және 217,9 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Айта кетейік, 1 қарашаға қарай облыста 490,6 мың бас ірі қара мал, 534,9 мың бас қой, 75,7 мың бас ешкі, 77,2 мың дана шошқа, 207,7 мың бас жылқы және 1 млн 738 мың бас құс бар.

Естеріңізде болса, биыл Павлодар облысынан Біріккен Араб Әмірліктеріне қой етінің қомақты көлемі экспортталды. Фермерлер шетелге сүт және ет өнімдерін экспорттайды.
Өзгелердің жаңалығы