Павлодар облысында мемлекеттік жерлердің өз бетінше иеленуі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Баянауыл ауданы Александровка ауылының тұрғынының өтініші және жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде тексеруге бастама жасады.
Тексеру барысында ЖШС-ға пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілгені анықталды. Алайда, ЖШС жер пайдалану құқығын ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жүгінбеді, осылайша ҚР Жер Кодексінің 43-бабы 10-тармағының талаптарын бұзды, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша тексеру субъектісіне 1 ай мерзімге ұйғарым берілді, ол 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес бұл әрекет жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу ретінде сараланады.