Павлодар облысында мектеп басшылары кәсіпкерлікпен айналысқан

5 Тамыз 2023, 22:34
646
Бөлісу:
Павлодар облысында мектеп басшылары кәсіпкерлікпен айналысқан
Фото: архив

Павлодар облысында мектеп директорлары кәсіпкерлікпен айналысқан. Олар бір мезетте мектеп басшылығымен қатар ЖШС, жеке кәсіп пен шаруа қожалықтарына иелері болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Иманқұлов айтты.

Мектеп директорлары жұмыстан босатылған жоқ. Олар кәсіптерін сенімді қолға тапсырған. Егер кәсіп қызметкердің атында болса, кәсіпорын жабылады, - деді Руслан Иманқұлов.

Айта кету керек, биыл облыста мемлекеттік қызметшілердің заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуының бес фактісі анықталды.

Өзгелердің жаңалығы