Павлодар облысында малды қараусыз жайған 1,8 мыңға жуық мал иесі жазаланды

27 мыңнан астам мал уақытша ұстау орындарына қамалды.

 istockphoto.com 26 Қыркүйек 2026, 10:49
26 Қыркүйек 2026, 10:49
162
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында автожол бойында қараусыз жүрген малды анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері айып тұрағына 27 148 бас мал қамалған.

Полиция мәліметінше, рейдтер барысында малын қараусыз қалдырған иелер анықталады. Мәселен, Павлодар – Астана автожолының 168-шақырымында қараусыз жайылып жүрген жылқылар табылған. Оқиға орнында бақташы болмаған.

Сондай-ақ Павлодар – Русская Поляна автожолының 6-шақырымында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Полиция мал иелерін анықтап, жылқыларды айып тұрағына орналастырған. Иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жыл басынан бері облыста мал жаю ережесін бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмау және олардың елді мекендер мен автожолдарға шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін ескертті.

Наверх