Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам мерт болды

31 Мамыр 2023, 02:45
496
Бөлісу:
Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам мерт болды
Фото: zakon.kz

Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам мерт болды, көліктер автотұраққа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамыр күні сағат 23.20-да Ленин - Курчатов тас жолында, Еңбек ауылының маңында Lexus RX-330 көлігі қарсы келе жатқан КамАЗ-5410 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus RX-330 қарсы жолақ арқылы шұңқырға аударылып кеткен.

Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ведомство.

Өзгелердің жаңалығы