Павлодар облысында құтырма індеті бойынша 15 жағдай тіркелді

1 Маусым 2021, 01:16
3151
Бөлісу:
Павлодар облысында құтырма індеті бойынша 15 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның тоғызы бойынша жағдай расталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта өткізген баспасөз конференциясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облысының аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков мәлім етті.

Бүгінгі күні бес жағдайда теріс нәтиже алынды, бір материал бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Инфекцияның негізгі көзі – түлкілер мен қарсақтар. Өңірде құтырма ауруы адамға жұққан фактілері тіркелмеген, – деді Рашид Нұрбеков.

Оның айтуынша, 23-25 мамыр аралығында аймақта құс тұмауы вирусының бар-жоғын анықтау мақсатында диагностикалық зерттеулер үшін құстарды алып, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлттық ветеринария референттік орталығының қызметкерлерімен бірге жабайы фаунада мониторинг жүргізілді.

Бірінші жартыжылдықта 7 аса қауіпті инфекция – бруцеллез, лейкоз, инфекциялық эпидидимит, пастереллез, қарасан, сібір жарасы және құтыру бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 5 айында ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бекеттерде 8433,1 тонна бақылаудағы өнімді және 15625 бас ауыл шаруашылығы жануарын тасымалдаған 1222 автокөлікті тексерді. Бұл ретте, бақылаудағы жүктерді тасымалдау қағидаларының 11 бұзушылығы анықталды. 4 жағдайда жүк тасымалдаушының кінәсінен белгіленген бұзушылықтар үшін 117 мың теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды, – деп атап өтті спикер.

Өзгелердің жаңалығы