Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 34 жағдай тіркелді

16 Маусым 2020, 09:30
1113
Бөлісу:
Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 34 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясы белгілері бар жаңа 34 жағдай тіркелді.

COVID-19  1938  және  2001 ж. аралығында туған 14 ер адамдарда және 2004 ж.т. жасөспірімде, сондай-ақ 1937 және 1998 ж. аралығында туған 19 әйел адамдарда анықталды. Тіркелгендердің 14 Павлодар қаласының, 13 Екібастұз қаласының, біреуі Ақсу қаласының тұрғыны, тағы екі адам Павлодар ауданының Набережное және Заря ауылдарының, біреуі Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының, екеуі – Баянауыл ауданы Майқайың кентінің, біреуі Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғындары. Науқастанғандарда дене қызуының көтерілуі, жөтел,  тұмау, әлсіздік белгілері байқалған. Сегіз пациент бұған дейін анықталған КВИ жағдайымен байланыста болғандықтан тексерістен өткен, - делінген хабарламада.

ПТР- зерттеу барлығында  COVID-19 ды анықтады. Барлығы Павлодар және Екібастұз қалаларының инфекциондық стационарларына  жатқызылды. Жағдайлары бірқалыпты. Хаттамаға сәйкес ем тағайындалды. Байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.

ҰСО филиалы мамандарының күшімен ошақтарда  қорытынды дезинфекция жүргізілді. Өңірде эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр. 

Бүгінгі күні, 15 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 383 жағдай тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы