Павлодар облысында көктайғақ салдарынан 31 жол апаты болды

9 Қараша 2022, 23:43
1025
Бөлісу:
Павлодар облысында көктайғақ салдарынан 31 жол апаты болды

Екі күн ішінде Павлодар облысының аумағындағы жолдарда 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 9 қараша сағат 06.15 шамасында "Павлодар-Қызылорда" автожолында Шідерті кентінің маңында Toyota Alphard маркалы екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген. 

Сондай-ақ сол күні сағат 07.30 шамасында Лимонная көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Volksvagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы кәмелетке толмағанды қаққан, ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы