Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында да екі айдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген демалыс үйлері ашылады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы ертең күшіне енеді. Шипажайлар мен курорттық нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтаулары шарт. Құжатқа сәйкес, бетперде режимі де қатаң сақталады. Сонымен қатар, туристік базалардың жанындағы жағажайларда демалуға рұқсат.
Кешкі сағат 20:00-ге дейін суға түсуге болады. Карантин режимін жеңілдету аясында мониторингтік топтар екі ай бойы бақылау жүргізеді.
Айта кетейік, Баянауыл курорттық аймағында 50-ден астам демалыс үйі бар.