Павлодар облысында дала өртеніп жатыр

4 Сәуір 2025, 19:14
612
Бөлісу:
Павлодар облысында дала өртеніп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Павлодар облысының Баянауыл ауданында дала өрті сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

4 сәуір күні 112 пультіне Жасыбай орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөптің жанғаны туралы ақпарат түскен.

Өртті сөндіруге дереу ТЖД, орман шаруашылығы, "Қазавиалесоохрана" және Жасыбай орман шаруашылығының күштері мен техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 70-ке жуық адам және 20-дан астам техника тартылған. Алайда қатты жел мен құрғақ өсімдіктердің көптігі жалынның тез таралуына себеп болып отыр, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД басшылығы мен әкімдік өкілдері аттанды. ТЖМ және облыстық ТЖД жедел штабы құрылды.

Қосымша өрт орнына 38 ТЖД қызметкері мен 11 арнайы техника жіберілді. Жағдай ерекше бақылауда, – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Өзгелердің жаңалығы