Павлодар облысында бір жасар бала ыдыста тұрған суға батып кетті

2 Тамыз 2021, 11:30
6880
Бөлісу:
Павлодар облысында бір жасар бала ыдыста тұрған суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында бір жасар бала ыдыста тұрған суға батып кетті.

Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылында сағат 18:00-де болған.

Бала үйде ата-анасының қарауынсыз қалып, он литрлік ыдыста тұрған суға құлап кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы демалыс күндері сағат 01:40-та Усолка өзенінен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылып жүріп, суға батып кеткен.


Өзгелердің жаңалығы