Павлодар облысында бір қала кеміп қалды

27 Сәуір 2023, 19:18
855
Бөлісу:
Павлодар облысында бір қала кеміп қалды
Фото: ru.wikipedia.org

Павлодар облысындағы мәслихатта Курчатов аумағын Абай өңірінің юрисдикциясына беру қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай ұсынысты Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтты.

Ол жаңа Абай облысы Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының сегіз ауданынан құрылғанын атап өтті. Оның құрамына Павлодар облысының шегінде болған, бірақ іс жүзінде ШҚО-ға бағынатын Курчатов та кірді.

Қаланың жалпы ауданы 11 гектар. Курчатовтан облыстық бюджетке салық түспейді, олар қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар және Абай облыстарының шекараларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді, - деді Мұрат Хамитов.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Өзгелердің жаңалығы