Павлодар облысында бақылаушылар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

21 Шілде 2021, 18:08
1684
Бөлісу:
Павлодар облысында бақылаушылар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Павлодар облысының Партиялық емес бақылау орталығының өкілдері сайлау учаскелеріне барып, 25 шілдеде өететін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қарсаңындағы сайлау учаскелердің дайындығымен танысты.

«Павлодар облысының партиялық емес бақылау орталығы» ҚБ жетекшісі Алма Қозбаеваның айтуынша, ауылдық округтерде бақылаушыларды оқыту жүргізілуде.

Бағдарлама дауыс беруді бақылаудың практикалық дағдыларын алуға бағытталған. Қатысушылар үшін модельдік учаске ұйымдастырылады, онда бақылаушылар кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды ойнауға болады. Партиялық емес бақылау орталығының бақылаушылары сайлау процесінің тікелей қатысушылары емес. Біздің міндетіміз - бүкіл сайлау процесінің барысына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, - деді Қозбаева.

Партиялық емес бақылау орталығының байқаушылары Тереңкөл ауданы Байғүніс ауылының № 284 сайлау учаскесінде болды. Сайлау учаскелеріне барған кезде байқаушылар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жағдайларына, санитарлық нормаларға ерекше назар аударды.

Айта кету керек, Павлодар облысында бақылаушылармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысы алдағы сайлау мәселелері бойынша оқытудан өтті. Барлық бақылаушыларға әдістемелік материалдар (блокнот, бақылаушының жадынамасы, бақылаушының құқықтары мен міндеттері) берілді. Облыста барлығы 126 сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы