Павлодар облысында қай жерлерге блок-бекет қойылатыны айтылды

31 Наурыз 2020, 19:29
1580
Бөлісу:
Павлодар облысында қай жерлерге блок-бекет қойылатыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап Павлодар облысының шекараларына 9 блок-бекет қойылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлолар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов мәлім етті.
4 блокпост Павлодар облысы аумағының шекарасы бойынша Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Аққулы ауданының Шарбақты ауылында және Май ауданының Ақжар ауылында, Ақмола облысымен шектесетін Екібастұз қаласына қарасты Шідерті ауылында, Қарағанды облысымен шектесетін Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында блок-бекет қойылады. 5 блок-бекет Ресеймен шектесетін жерлерге қойылмақ. Блок-бекетте полиция және дезинфекциялық қызмет орналастырылады, - деді Нұрлан Мәсімов.
1 сәуірден бастап Павлодар облысында кез келген көлік құралымен шекаралас облыстарға/шекаралас облыстардан жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Сондай-ақ дипломатиялық қызметтерді, емделуге баратын адамдарды, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар тиелген транзиттік жүк көліктерді (эпидемияға қарсы дезинфекциялауды және сақтық шараларын қатаң қадағалай отырып) қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің тұрғындары мен басқа мемлекеттердің азаматтарының кіруіне тыйым салынады.

Департамент басшысының айтуынша, өңір полицейлері төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде қызмет атқарады.


Өзгелердің жаңалығы