Павлодар облысында ауылдағы жас әншінің өнері желі қолданушыларын тәнті етті

16 Қазан 2021, 11:29
4406
Бөлісу:
Павлодар облысында ауылдағы жас әншінің өнері желі қолданушыларын тәнті етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс ауданы Голубовка ауылының өнерпазы «Синяя вечность» әнін орындағаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.



Өнерлі жігіттің аты-жөні Бердіғұл Нұркелді Берікұлы. Өзінің айтуынша, бұл әнді достардың арасындағы отырыста орындаған.
Бұл әнді концерттерде айтпаған едім. Мәдениет үйінде дайындықта бірнеше рет айтқаным бар. Желіден көріп, бәрі қоңырау шалып жатыр. Павлодардан ғана емес, өзге облыстардан да хабарласып, «Әнді айтқан өзің бе?» деген сияқты сұрақтар қойып жатыр. Жұрттың көңілінен шыққаны қуантады, - деді Нұркелді Бердіғұл.

Жас жігіт жанды дауыста ән салады. Облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Соңғы рет «Сарбаздар конверті» байқауына қатысып, Муслим Магомаевтың «Журавли» әнін орындап, 1-орын иегері атанған. Нұркелдінің өнер академиясына оқуға түсу жоспары да болған.

Көпке танымал байқауларға қатыспадым. Ата-анам «Қазақстан дауысына» қатысып көрсеңші дейді. Бірақ бір реті келмей жүр. Менікі қате де шығар. Бір жылдары елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университетіне оқуға тапсырып, шығармашылық емтиханнан өткенмін. Бірақ кешенді тестілеуде сүріндім. Енді академияларға оқуға түсу жоспарымда жоқ, - деді өнерпаз.
Өзгелердің жаңалығы