Павлодар облысында алаяқтық жасаған ресейлік ұсталды

22 Шілде 2022, 19:50
1951
Бөлісу:
Павлодар облысында алаяқтық жасаған ресейлік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Павлодар облысында алаяқтық жасаған ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Павлодар полицейлері қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздеуге ерекше назар аударады. Олардың көпшілігі құқықтық жазаға қол жетімсіз болып қала беру үшін түрлі шаралар қолданады және елден тыс жерлерде жасырынады. 

Мәселен, шілде айында жедел уәкілдердің күшімен ірі көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде жүрген қылмыскер анықталды. Осы уақыт ішінде ер адам Ресей Федерациясында болған. 41 жастағы ер адам Ресей азаматы бола отырып, 2017 жылы павлодарлықтан бизнесті ұйымдастыруға ақша алып, белгіленген мерзімде бере алмаған. Мамырда іздеу жарияланды. 

Павлодар облысының жедел қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, Омбы қаласында құрықтады. Айта кетейік, жылдың басынан бері павлодарлық жедел уәкілдер тергеу органдарынан жасырынған 59 қылмыскерді іздеп тапты.

Өзгелердің жаңалығы