Ертіс өңірінде заңсыз кәсіпкерлікпен күрес шеңберінде сандық активтердің заңсыз айналымы анықталып, 724 майнинг жабдығы тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Майнингтік фирма Павлодар қаласының аумағында жұмыс істеп келген. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы бизнес жүргізу үшін арнайы рұқсат құжаттарды рәсімдеу қажет. Заң аясында кәсіпкерлер әр киловатқа салық төленуі тиіс. Ал әккі бизнесмендер салық төлеуден жалтарған, дегенмен, электр энергиясы қызметін төлеп келген.
Қазіргі уақытта заңға қайшы әрекет еткен бір күдікті бар.
Облыс бойынша облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірінші жедел басқармасының басшысы Жоламан Қиналбековтің айтуынша, осы күнге дейін заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу бойынша 12 дерек тіркелді.
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізудің заңсыз дерегі нәтижесінде 21 мың бөтелке арақ тәркіленді. Сот үкімі шықты. Жедел шаралардың аясында контрафактілік алкоголь өндірісінің жасырын цехы жойылып, 316 литр суррогат тәркіленді. Криптоактивтердің заңсыз айналымы да анықталды. Мәселен, Binance платформасында криптоактивтерді заңсыз айырбастау жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Крипноайналыммен айналысатын азаматтар бизнес қызметін тіркеуі шарт. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде 60 млн теңгеден астам кіріс алынған. Темекі өнімдерін заңсыз саудалау деректері де тіркелді. Мамандар жалпы құны 500 млн теңге болатын 700 мың қорап темекі өнімдері табылды. Сонымен қатар, электронды темекі құралдары сату бойынша алты материал тіркелді. Төрт мыңнан астам вейп алынып, материалдар полиция департаментіне жолданды, - дейді Жоламан Қиналбеков.