Павлодар облысында 4 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 4000-ға жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының полиция департаменті.

 BAQ.KZ  16 Қазан 2023 2023, 04:17
16 Қазан 2023 2023, 04:17
1021

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 4000-ға жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының полиция департаменті.

Жыл басынан бері 4 мыңға жуық жаяу жүргінші жол ережесін бұзды. Оларға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы" бойынша әкімшілік іс қозғады.

Мұндай статистика ең алдымен жаяу жүргіншілердің тәртібі мен мәдениетіне байланысты. Ертіс өңірі тұрғындарының ең көп тараған бұзушылығы - жолда "зебра" арқылы өтпеуі. Қазір бұрынғыдай ескерту жоқ, барлық құқық бұзушыларға 2 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келді, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар биыл құқық қорғау органдары жаяу жүргіншілерге жол бермеген екі мыңға жуық жүргізушіні анықтады. Барлық жүргізушіге айыппұл салынды.

Наверх