Павлодар облысында 27 мыңнан астам мал айыппұл тұрағына қамалды

Жыл басынан бері мал жаю талаптарын бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

 pixabay 25 Қыркүйек 2026, 22:18
25 Қыркүйек 2026, 22:18
193
Фото: pixabay
 
Павлодар облысында жол бойында қараусыз жүрген малға байланысты рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері 27 148 бас мал айыппұл тұрағына қамалды.

Полиция мәліметінше, рейдтер барысында жануарларын қараусыз қалдырған мал иелері анықталуда. Мәселен, Павлодар – Астана автожолының 168-шақырымында қараусыз жайылып жүрген жылқылар табылған. Оқиға орнында малшы болмаған.

Сондай-ақ Павлодар – Русская Поляна автожолының 6-шақырымында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Полиция мал иелерін анықтап, жануарларды айыппұл тұрағына орналастырған. Иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жыл басынан бері облыста мал жаю талаптарын бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, олардың елді мекендер мен автомобиль жолдарына шығып кетпеуін қамтамасыз етуді ескертті. 

Наверх