Павлодар облысында 2,1 млрд теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

11 Сәуір 2024, 07:10
431
Бөлісу:
Павлодар облысында 2,1 млрд теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: baq.kz

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 га жайылымды негізсіз беру фактісін анықтады. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. Облыстың МАЭС шешімімен Департаменттің талап қоюдан бас тартылды.

Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған, – деп жазылған хабарламада.

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылды. Құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы