Павлодар облысында 18 ардагер тұрып жатыр

9 Мамыр 2022, 11:16
1389
Бөлісу:
Павлодар облысында  18 ардагер тұрып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қадірлі жерлестер! Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтаймын! Жеңіс жолында батылдық пен қайсарлықтың шынайы үлгісін көрсеткен азаматтардың ерлігі жадымызда мәңгі сақталады. Жеңіс күні – халқымыздың ұлы ерлігі мен қаһармандығының, табандылығы мен ерік-жігерінің символы. Әр отбасында соғыстың ауыртпалығын көрген адамдар бар, - деп жазды әкім.

 Өңірдің 23 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағына иеленсе, 8 адам Даңқ орденінің толық иегері атанған.

Павлодарлықтар Ұлы Отан соғысының барлық ірі шайқастарына қатысты. Олардың он мыңнан астамы түрлі наградалармен марапатталды. Өңіріміздің 23 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағына иеленсе, 8 адам Даңқ орденінің толық иегері атанды. Осы күнге жеткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, батырларымызға қамқорлық жасау – біздің қастерлі парызымыз. Павлодар облысында бүгінге 18 ардагер тұрып жатыр. Олардың көрер жарығы мен қызығы көп болсын. Құрметті ардагерлер! Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміздің аспаны ашық, бақ-берекесі мол болсын! Жеңіс күні құтты болсын, - деді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы