Павлодар және Қостанай облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы

23 Сәуір 2020, 11:18
1403
Бөлісу:
Павлодар және Қостанай облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қостанай және Павлодар облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқастар туралы ақпарат таратты.

Қостанай облысында тағы бір адамның вирусты жұқтырғаны белгілі болды, ол 1965 жылғы ер азамат. 

Бұл өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғаны нақтыланған 36 адам бар. Қалалық ауруханада науқастарды профилактикалық зерттеу кезінде коронавирус инфекциясы бар адам анықталды. Ер адам түрлі ілеспелі аурулармен проктология бөлімінде емделіп жатқан. Қазіргі таңда барлық эпидемияға қарсы шаралар орындалып, осы азаматпен байланыста болған адамдарға қатысты карантин шаралары қабылданды - делінген хабарламада.

Науқас жер үйде тұрған, жұмыс істемейді. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ол Рудный қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылады.

Сонымен қатар, Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бес науқас тіркелді. 

COVID-19 Екібастұз қаласының 3 тұрғынында анықталған: 1977 жылы туған ер адам, 1980 жылы туған әйел адам және кәмелет жасына толмаған 2007 жылы туған ер балада және Павлодар қаласының екі тұрғынында 1970 жылы туған әйел адам мен 1963 жылы туған ер адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Екібастұз қаласының үш тұрғыны бұрын COVID-19 вирусы тіркелген адамдармен қарым-қатынаста болған. 1970 жылы туған әйел адам Павлодар қаласында тұрады. Бұрын КВИ-мен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болмаған. Ауруханаға түскен кезде дене қызуы жоғары, құрғақ жөтелі болған, алдын ала "ауруханадан тыс пневмония" диагнозы қойылған. 1963 жылы туған ер адам Павлодар қаласының тұрғыны, 2020 жылғы 23 сәуірде алынған сынама коронавирус инфекциясы бар екенін көрсетті. Эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр - делінген штаб мәліметінде. 

Барлық жағдайда да олармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды анықтап, оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде.  Эпидемиологияғы қарсы іс-шаралар жалғасуда. 

Бүгінгі күннің сағат 10:00-дегі жағдайы бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 43 оқиға тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы