Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

17 Қаңтар 2022, 11:01
1727
Бөлісу:
Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды. Бұл туралы генерал Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

 

Мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылдым. Біздің әлеуметтік желідегі қарым-қатынасымыз маған және әріптестеріме біздің жұмысымызға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Сіздермен тікелей байланыста болу, мәселелерді талқылау, жоспар құру, жалпы полицияның жұмысы туралы жаңалықтармен бөлісу өте маңызды болды.

Мен үшін сыни пікірлер де маңызды болды. Олар павлодарлықтардың өміріндегі бар проблемаларды қозғап, жұмысымыздағы кемшіліктерді дереу жоюға мүмкіндік берді.

Осы жылдар ішінде азаматтарымыздың өмірін бейбіт және тыныш болу үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылды. Павлодар облысының әрбір жазылманы мен тұрғынына полиция қызметіне ілтипатты қарым-қатынас және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жемісті бірлескен жұмысымыз үшін алғыс білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда Павлодар облысы өркендей түсіп, ал оның тұрғындары тынышты және бақытты өмір сүреді деп сеніммен айтуға болады.

Сіздерге денсаулық, амандық және тыныштық тілеймін! Өздеріңізге сақ болыңыздар!, - деп жазды Нұрлан Мәсімов.

Өзгелердің жаңалығы