Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің су айдындарында балықшылар арасында сақтық шаралары күшейтілді. Бүгінгі күні өзен-көлдерде мұз жұқарып кеткен, дегенмен, балық аулаудан бас тарта алмай отырғандар жетерлік.
Құтқарушалыр қауымы рейдтік шараларды бір ай бұрын бастап кеткен. Қазіргі уақытта мұздың үстінде балық аулауға қатаң тйым салынған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару отряды бастығының орынбасары Серік Шерияздановтың мәліметінше, бүгінде Ертіс өзенінде мұздың қалыңдығы 60 сантиметрден асады. Бірақ, мұз кез келген уақытт отыпырылып қалуы мүмкін. Құтқарушылар бір ай ішінде мыңдаған балықшы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Біз оларды мұздың үстінен қуып, айыппұл сала алмаймыз. Себебі, арнайы нормативті құжаттар жоқ. Тек ескерту айта аламыз. Жуырда сөзімізді елемеген азамат мұздың астына құлап кетті. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, оның өміріне араша болды. Жалпы, балықшы мұз астында балық аулауға келгенде құтқару құралдары болу керек. Мәселен, арқан, таяқша, бірнеше пышақ керек. Қазіргі уақытта Ертісте мұз тез еріп жатқандықтан, қауіпсізідкті күшейттік», - дейді Серік Шериязданов.
Мәселен, Усолка өзеніне күнбе күн 200-ден астам балықшы жиналады. Басым бөлігі - егде жастағы азаматтар.
Айта кетейік, сәуір айында облыста су тасқынының екінші кезеңі басталады. Жуық арада Ертіс өзеніне Шүлбі су қоймасынан су босатылады. Кейін өзеннің деңгейі көтеріліп, сең жүреді. Сол себепті құтқарушылар тәуліктік кезекшілік режиміне көшеді.