Павлодар облысы: 175 тұрғын тегін дәрі-дәрмек алмаған

7 Тамыз 2019, 14:24
1688
Бөлісу:
Павлодар облысы: 175 тұрғын тегін дәрі-дәрмек алмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық сақтандыру қоры тегін дәрі-дәрмек беру процеcін бақылау нәтижесін қорытындылады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы хабарлағандай, тегін дәрі-дәрмек берген медициналық ұйымдардың ресми мәліметтеріне сай, хабарлама жіберілген. 4000-ға жуық адам дәріні алмағаны туралы жауап берген. Оның ішінде Павлодар облысының 175 тұрғыны бар.

Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдау немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалу ұсынылған болатын. SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, Қорға 27 798 пациенттен жауап келді. Оның ішінде 4 137 пациенттің дәрі- дәрмекті алмағаны анықталды.

«Мониторинг Павлодар облысында жазылған рецептілер бойынша 45 мың адам тегін дәрі-дәрмек алғанын көрсетіп отыр. SMS-хабарлама 43мыңдай адамға жіберіліп, оның 175-і «дәрі-дәрмектерді алмаған» деген белгімен оралған. Айта кету керек, осы мақсатта біздің облысқа бюджеттен 706 млн теңге төленді. Сол себепті олардың жұмсалуы қатаң бақылауда болады», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Дәрі-дәрмектің қолға тимегені туралы хабарламаның басым бөлігін Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары жолдаған. Қорда атап өткендей, дәрі-дәрмектерді алмағаны туралы жағдайларға қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

 

Өзгелердің жаңалығы