Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін

<p> <span style="color:#292929;font-family:&quot;Arial&quot;,sans-serif;mso-ansi-language:KZ;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде </span><span style="color:#292929;font-family:&quot;Arial&quot;,sans-serif;mso-ansi-language:KZ;"> </span><span style="color:#292929;font-family:&quot;Arial&quot;,sans-serif;mso-ansi-language:KZ;">Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.</span> </p>

 30 Маусым 2021 2021, 18:26
30 Маусым 2021 2021, 18:26
4062

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

Оның айтуынша, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары осы жылдың шілде-тамыз айлары аралығында жүргізілуі тиіс болған.

Алайда елдің оңтүстік аймақтарындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» компаниясымен келісіп, оны кейінге шегеру мәселесін қарастырудамыз, - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне сүйенсек, шешім туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланатын болады.

Бұған дейін министр Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірген болатын. 

Наверх