Павлодар мен Алматының прокурорлары ауысты

3 Қазан 2023, 14:32
816
Бөлісу:
Павлодар мен Алматының прокурорлары ауысты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры, ал Серік Кәріпбеков Алматы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

Павлодар мен Алматының прокурорлары ауысты

Бұған дейін 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған.

Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған, білімі жоғары, "Тұран" университетінің түлегі.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды.

Павлодар мен Алматының прокурорлары ауысты

Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркия Республикасының Стамбул университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Ол бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.

2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде прокуратура органдарының бірқатар қызметкерлерін басшылық лауазымдарға тағайындау туралы мәліметтер тараған болатын. Осыған байланысты Бас прокуратура тағайындаулар туралы сенімді ақпарат ведомствоның ресми сайтында дереу жарияланатынына азаматтардың назарын аударады. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, бүгін Ұлан Байжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды. Оның орнына Ғабит Садырбеков ҚР Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы