Павлодардағы колледждердің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім ер жігіт өзіне білегінен жарақат салған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол пышақ қолданған болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жас жігіт Павлодар медициналық колледжіне қызбен сөйлесіп, қарым-қатынасты анықтау үшін келген. Жанжал барысында ол өзіне пышақпен тілінген жарақаттар сала бастағаны айтылуда.
Хабарланғандай, басқа зардап шеккендер жоқ.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барған.
Зардап шеккен жасөспірімге қажетті медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ол үйіне жіберілді. Оқиға құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салсақ, Шымкент қаласында мектеп оқушысына қатысты орын алған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. 7 жасар қыздың анасы мұғалімге қатысты ауыр айыптаулар айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.