Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодар базарларында картоп пен өріктен рұқсатсыз нитраттар табылды

1 Шілде 2025, 23:48
463
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Павлодар облысында жүргізілген "Қауіпсіз өнімді таңда" акциясы аясында жеміс-көкөністер мен бақша өнімдерінен нитраттардың артық мөлшері анықталды. Бұл туралы өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Департамент мамандары 900-ден астам экспресс-зерттеу жүргізіп, нәтижесінде 118 сынамада нитраттардың қалдық мөлшерінің артуы тіркелген. Нитраттың шамадан тыс шоғырлануы картоп, қызанақ және пияз секілді көкөністерден табылды.

Сонымен қатар, қауіпті өнімдер қатарына мынадай жемістер мен жидектер де енді: нектариндер, өрік, шабдалы, алмұрт, жүзім, алма, құлпынай, қауын, қарбыз.

Зерттеу нәтижелері облыс әкімдігіне және ауыл шаруашылығы басқармасына жолданды.

Мамандар рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға, өнімдердің жарамдылық мерзімін қадағалауға және жеміс-көкөністерді тұтынар алдында мұқият жууға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы