Павлодар атауы Сарыарқа болып өзгертіле ме?

6 Шілде 2021, 17:12
3191
Бөлісу:
Павлодар атауы Сарыарқа болып өзгертіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының әкімдігі қала атауы Сарыарқа деп өзгертіледі деген қауесетке жауап берді деп жазады ЭК.

Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының атауын Сарыарқаға өзгертілді деген ақпарат тараған. Сондай-ақ блогерлер де қаланы Сарыарқа деп атай бастаған.

Қазіргі таңда қала атауын Сарыарқа деп өзгерту туралы ономастикалық комиссияға өтініш келіп түспеді. Қала әкімдігі бұл сұрақты қарастырып жатқан жоқ,- деп жауап берді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл қыста жергілікті ақсақалдар Павлодар атауын Сарыарқаға өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы