Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы зардап шекті

16 Тамыз 2024, 22:33
499
Бөлісу:
Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы зардап шекті
Фото: baq.kz

Апат салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар-онлайн ақпаратынша, олар қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Бірі жалпы палатада ем алуда, ал екінші жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр.

15 тамызға қараған түні Павлодар алюминий зауытының гидрометаллургия цехында жұмыс кезінде екі қызметкердің үстіне сілті ерітіндісі төгілді. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілуде. Компания қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алды, ал жансақтау бөлімінде жатқан қызметкер үшін күйікке арналған төсек алынды, ол осы бөлімде қалады, - деп хабарлады кәсіпорыннан.

Апат фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы