Павдодар облысында 2 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланып отыр

29 Маусым 2023, 20:28
895
Бөлісу:
Павдодар облысында 2 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланып отыр
Фото: ТЖМ

Павдодар облысының екі ауылында 2 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір тұрғындарымен кездесу барысында ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Өспен ауданының Ольгинко ауылы мен Шарбақты ауданының Сосновка ауылында екі өрт сөндіру бекетінің ашылатынын жариялады. Бұл елді мекендердің өртке қарсы қорғалуын жүзеге асыратын бөлімшелердің жеткіліксіздігі мәселесін шешуге жасалған кезекті қадам.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша халықты төтенше жағдайлардан қорғауды заманауи техникамен және жабдықтармен жабдықталған 21 бөлімше қамтамасыз етеді.

Өткен жылы Павлодар облысында республикалық және жергілікті бюджет есебінен қосымша 11 өрт сөндіру техникасы сатып алынды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 8 өрт сөндіру техникасы сатып алынады.

Өзгелердің жаңалығы