Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әлеуметтік желіде онлайн өткізген кездесуінде айтты.
Патриотизм – Отанды қорғауға дайын болу. Мемлекеттік символарды жеке сезіммен қабылдау. Патриотизм болу үшін мемлекет әділетті болуы керек. Мемлекетте әлеуметтік теңдік мәселелері шешіліп тұруы керек. Әрбір мемлекетте үш институт болады. Олар: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері, - деді ол.
Депутат айтқандай, осы үш институт әділетті шешім қабылдап, мемлекетте плюрализм мәселесі шешілсе, патриотизм жоғары деңгейде болады.
Жас жеткіншектер, яғни біздің балаларымыз бізден өзгеше. Біз де әке-шешемізден өзгеше болдық. Бізде ұрпақтар сабақтастығы болуы үшін өзіміздің балаларымызды дұрыс түсініп, олардың өзгешеліктерін қабылдай білуіміз керек. Себебі заман өзгеріп тұрады. Өзгешелік - дамудың негізі, - деді Ерлан Саиров.
Депутат ең маңызды мәселе ұрпақтар арасындағы қарама-қайшылық екенін айтты.
Қарама-қайшылықтан жаңа дамудың нышандары пайда болады. Балаларымызды патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек, - деді ол.