Патриот жастар көбейіп келеді – Есенбеков

4 Маусым 2024, 16:38
321
Бөлісу:
Патриот жастар көбейіп келеді – Есенбеков
PHOTO
Фото: автордан

Әлеуметтік қызметтер үйінде «Көк тудың желбірегені» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Патриот жастар көбейіп келеді – Есенбеков

Еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздер қоғамдық саяси мәдениеттің бір бөлігі болып отыр. Әр уақытта бірлікке шақыру мақтаныш пен патриоттық сезімді қалыптастырмақ. Патриотизм жастардың арасында жақсы дамып келеді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз көшеде келе жатып Әнұранды естісе, қолдарын жүректеріне қойып, шырқап кететінін байқаймын. Студенттер мен оқушылардың арасында тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатады. Дегенмен мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарамайтын жағдайларды да кездестіріп қаламыз. Осы жағдайларды болашақта болдырмау үшін қалада рәміздеріміз бейнеленген билбордтар ілініп, Led экрандарға шықанын көруге болады. Әкімдіктің бастамасымен мониториг жұмыстары жүргізіліп, мекеме басшыларына ескерту жасалды, - дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысы Айдар Есенбеков.

Патриот жастар көбейіп келеді – Есенбеков
Өзгелердің жаңалығы