Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Партиялық емес байқау орталығы» өз жұмысын жалғастыруда, оның қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.
Республикалық қоғамдық ұйымның барлық облыста филиалдары бар және мемлекеттік деңгейдегі сайлау кезеңінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтарды іске асыруға және қорғауға өз ниетін білдіреді.
«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов хабарлағандай, ұйым алдағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына белсенді қатысады.
Қазіргі уақытта Орталық өзінің байқаушылары үшін бірқатар оқыту іс-шарасын өткізуде.
Ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы - бұл саяси модернизацияның мүлдем жаңа кезеңін белгілейтін өте маңызды оқиға. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын байқау үшін бізде сайлауды байқау саласында үлкен тәжірибесі бар команда құрылады. Біз ашық және тәуелсіз сайлауды қамтамасыз етуге ортақ күш - жігерімізбен елеулі үлес қосамыз деп ойлаймын, - деп атап өтті Төлеген Күнәділов.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.